ӘЧ-2022: Бүгін финалға берілетін алғашқы жолдама иесі анықталады
sports.ru
Кездесу елорда уақытымен 13-інен 14 желтоқсанға қараған түні сағат 01.00-де басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 13 желтоқсанда Аргентина мен Хорватия финалға берілетін алғашқы жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кездесу елорда уақытымен 13-інен 14 желтоқсанға қараған түні сағат 01.00-де басталады. Тікелей эфир «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Ойын Лусаил қаласындағы 89 мыңға жуық адамға арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.
FIFA рейтингінде Аргентина – 3, Хорватия 12-орында тұр.
Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Құрамалар екі-екіден жеңіске жетсе, бір ойында тең нәтиже тіркелді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37