|
06.05.2023 | 10:49
4416

Қайрат Ахметов АҚШ-та «Найзаны» жеңді

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді

Қайрат Ахметов АҚШ-та «Найзаны» жеңді дереккөзден

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қ.Ахметов «Найза» лақап аты бар австралиялық файтер Рис Макларенмен (16-8) кездесті.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27 жеңісіне қол жеткізді. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы рет жығылды.

Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).

Айта кетейік, бұл Қайрат пен Ристің екінші кездесуі. Олар алғаш рет 2019 жылдың наурыз айында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир