|
03.12.2022 | 09:43
3251

ӘЧ-2022: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды

Бүгін дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті

ӘЧ-2022: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды iz.ru

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға жеткен 16 құрама белгілі болды. Олар: Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея, Швейцария.

Жарыстың аталған сатысында аталған құрамалар төмендігіше жұп құрады:

3 желтоқсан

Нидерланд - АҚШ

Аргентина - Австралия

4 желтоқсан

Франция - Польша

Англия - Сенегал

5 желтоқсан

Жапония - Хорватия

Бразилия - Оңтүстік Корея

6 желтоқсан

Марокко - Испания

Португалия - Швейцария

Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал болады. Ал 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанда өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир