Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды
© Pixabay / Andy03
Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан құрамасы мен "Ақсу" клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг пайдаланғаны үшін үш жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсетті. Артынан спортшы Б тестін де тапсырған. Ол да оң нәтиже көрсетті.
Осыдан кейін Әбікенге үш жылға ресми ойындарда өнер көрсетуге тыйым салынды.
Айта кетері, осымен Қазақстан құрамасының үшінші ойыншысы допингпен ұсталып, дисквалифицияға ұшырап отыр. 2019 жылы Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілсе, 2021 жылы Руслан Валиуллиннің сынамасы оң нәтиже көрсетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00