Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
Depositphotos.com
Оның аустралиялық қарсыласы матчқа келуден бас тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.
Алайда аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елена украиналық теннисші марта Костюкті де жеңген болатын (39-орын) — 6:2, 6:1.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады.
Оқи отырыңыз: Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05