|
31.08.2023 | 09:31
361

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

Әкім мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады Шакир Кейкин/Facebook

Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкіміне сілтеме жасап.

Атырау әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 1 қыркүйекте қалалық автопарктермен қоғамдық көлікте тегін тасымалдауға келіскенін хабарлады.

"Бұрыннан да мемлекеттік мереке күндері автобустарға тегін жүру акциялары іске алып келе жатқанын өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты өз тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйекте Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты", - деп жазды қала әкімі.

Әкім мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда қалалық автобустар жаңартылуда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир