Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті
Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис-Потоси (Мексика) челленджер турнирінің іріктеу сайысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іріктеу сатысында 1-ракетка болып тіркелген Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 825-орында тұрған мексикалық Алан Фернандо Рубио Фьерростың мысын басты.
Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 476-сатыдағы германиялық Эльмар Эюповичпен кездеседі. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.
Бейбіт Жұқаев биылғы қаңтардан бері түрлі додаға қатысқанымен, жолы болмай жүрген еді.
Тағы бір қазақстандық Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жұптық сында да жарыс жолын аяқтады. Ол аустриялық Себастьян Офнермен бірге алғашқы айналымда нидерландылық Сем Вербек – аустралиялық Джон Патрик Смитпен ойнап, 6:7 (8:10), 6:4, 5:10 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Майамиде Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева ғана қалды. Олардың жекелей сындағы матчтары бүгін кешке белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испаниядағы челленджер турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: Kazinform
Оқи отырыңыз: Бакуде бокстан халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі басталады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!