"Алматы" телеарнасынан TOUR OF ALMATY-ның тікелей көрсетілімін тамашалаңыздар

Фото Vlast.kz
Фото Vlast.kz
31 тамызда веложүргізушілерді таудағы екінші айналым күтіп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңғы сағат 11:00- 15:00 аралығында  "Алматы" телеарнасында

Орта Азиядағы ең ірі TOUR OF ALMATY велошеруінен тікелей көрсетілім беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Бірінші кезеңде  жарысқа қатысушыларға Индустриалды саябақ аумағында 118,6 шақырымды бағындыру керек болды. Шамамен  финишке 20 шақырым қалғанда 12 адам оқ бойы озып шықты, олардың арасында Никита Стальнов, Юрий Натаров, Дмитрий Груздев, сондай-ақ   Vino - Astana Motors атынан шыққан  Матвей Никитин бар.  Велосипедшілер тобы  финишке дейін осы қарқыннан таймады, соңында осылардың арасынан Патрик Штох мыңнан жүйрік шықты.

Екінші орынды қазақстандық Матвей Никитин алды. Ал жеңімпаздар үштігін  Neri Sottoli–Selle Italia–KTM командасының өкілі итальялық Давиде Габуро түйіндеді.

Айта кету керек,  "Астана" командасының жүйріктері осыған дейін  "Алматы Турларында" жеңіліп көрген емес.

Бүгін веложүргізушілерді екінші  таулы кезең күтеді. Tour of Almaty-ның финиші - 160 шақырымдық кезеңмен "Медеуде" қорытындалмақ.

Новости партнеров