Бүгін түнде елордалық «Астана» футбол клубы Андоррада Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында жергілікті «Санта-Коломой» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тең есеппен аяталған ойында гол салынған жоқ. Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Еурокубоктың кезекті ойын күнінен кейін Қазақстан УЕФА-ның коэффиценттер кестесінде бір саты көтеріліп, соңғы бес маусымның 17,500 нәтижесімен 24 орынға табан тіреді.
Дәл осындай коэффицент Беларусь елінде. 23-орынға Израиль орналасты (18,125).
Еске салайық, қазақстандық өзге де командалар ертең Еуропа Лигасындағы матчтарын өткізеді. «Ордабасы» Чехияда «Млада-Болеслав» клубымен, ал «Қайрат» Израиль елінде Беэр-Шевадан келген «Хапоэль» командасымен кездесетін болады.