Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайыс бойынша үш бірдей халықаралық федерация алдағы Олимпиададан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Халықаралық Олимпиада комитеті биыл соңғы рет онлайн режимде бас қосты. Негізгі мақсат - жазғы Олимпиада ойындардың бағдарламасын талқылау. Оған серфинг, құзға шығу және скейтбординг қосылды. Токио Олимпиадасында осы спорт түрлері бойынша алғаш рет сайыстар өтті. Алдағы Париж-2024 те солай ұйымдастырылады. Ал Бейжіңдегі қысқы ойындар кезінде ХОК-тың 139-сессиясы өтеді. Сол жерде тиісті шешім шығарылса, серфинг, құзға шығу және скейтбординг 2028 жылы Лос-Анджелесте болатын Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіледі.
Ал үш спорт түрін алып тастауы мүмкін. Олар - бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайыс.
ХОК боксқа қатысты өз ұстанымын жариялған болатын. Оған сәйкес, "AIBA төрешілік пен арбитраж саласындағы басқару, қаржылық ашықтық, тұрақтылық және әділдікке қатысты проблемаларды сәтті шешкенін көрсетуі керек". Ал ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы допинг мәселесін түбегейлі шешуі шарт. Бұдан бөлек, IWF әлі күнге ұйымның президентін сайлаған жоқ. Осы мәселе де ауыр атлетиканың жағдайын қиындатып отыр.
Бессайыстің өкілдері болса, аяқ астынан ат спортын өз қатарынан алып тастауға шешім қабылдады. ХОҚ оған өз шартын қойды. UIPM ат спортының орнына басқасын ұсынбаса, бессайыстың бәрін Олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін.
Лос-Анджелес-2028 ойындарының ұйымдастырушы комитеті ХОҚ-қа қосымша спорт түрлерін ұсына алады. Бірақ тиісті квота сақталуы шарт.
Дереккөзі: Sputnik.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!