Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес орта салмаққа қайта оралып, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартады, деп жазды Sputnik.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Сауль Канело Альварес 36 жастағы ресейлік Сергей Krusher Ковалевті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Ковалев үшін бұл жекпе-жек кәсіби карьерасындағы төртінші жеңіліс болды.
Бұған дейін Канело қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған болатын. Қазіргі таңда бокс фанаттары Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті күтіп жатыр.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!