Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық нокаутшы Хайме Мунгия жекпе-жегін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«WBO чемпиондық комитеті тараптарға жоғарыда аталған Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастауға нұсқау беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», - делінген ұйымның боксшылардың өкілдеріне жолдаған хатында.
Егер тараптар 5 желтоқсанға дейін келіспесе, аукцион белгіленеді. WBO рұқсатымен орта салмақтағы титулдық жекпе-жекке ең аз қабылданған бәс 200 000 доллар болады.
Еске салайық, Әлімханұлы Мунгиямен жекпе-жек өтетініне сенімді емес, мексикалық Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. Мунгия көптен бері бірінші нөмірлі үміткер болды, бірақ ол енді міндетті үміткер ретінде бекітілді, яғни мексикалық не титулға келесі үміткер болады немесе басқа боксшыға жол береді.