Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынады. Бозкілемге шыққан балуандар арасынан қазақстандық екі балуан финалға жолдама алды.
55 келі салмақта жарыс жолына шыққан Алпамыс Болатұлы финалға шықты. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы – америкалық Джейден Скотт Рэйни.
80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдесуге мүмкіндік алды. Ол жартылай финалда әзербайжандық спортшыдан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы – нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.
Сондай-ақ 48 келідегі Едіге Төлеутаев қола медаль үшін күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Недовесовтің АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.