Спортта қаламын: Серік Сәпиев қызметіне қатысты пікір білдірді

Instagram
Instagram
Еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын – Сәпиев
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қызметінен босатылуына қатысты Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Достар! Мен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Министрлікте жұмыс істеген жылдары маған көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын! Алайда еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын», – деп жазады Серік Сәпиев өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, ел спортшылары Токио Олимпиадасында бірде-бір алтын медаль еншілемей, 8 қоламен шектелген еді. Осыдан кейін елде спорт саласындағы басшыларға қатысты наразылықтар көбейді. Бірақ Сәпиевке дейін бірде-біреуі өз орнын босатқан жоқ.


Новости партнеров