Испаниядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны ойналды
Алғашында қазақстандық гандболшылар абдырап қалды, алайда көп ұзамай жаңа әнұранды өздері әуенсіз орындап шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Испанияда өткен гандболдан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Ескі әнұран Қазақстан мен Иран қыздар құрама командалары матчының алдында ойналды. Алғашында қазақстандық гандболшылар абдырап қалды, алайда көп ұзамай жаңа әнұранды әуенсіз өздері орындап шықты.
Бұл ойында Қазақстан Иран командасын 31:25 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шықты. Негізі кезеңде Қазақстан Германия, Венгрия және Чехия командаларымен ойнайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50
Болашаққа ұмтылған Алматы: жаңа орталықтар мен инфрақұрылым
24.09.2026 18:36
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы ашылды
24.09.2026 11:11
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37