|
04.05.2021 | 12:46
7573

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Ол – орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эсквива Фалькао

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды Фото: vox-cdn.com

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эсквива Фалькао орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкинмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жектің нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ барлық белгілер жекпе-жектің тамыз айында болатынын көрсетеді.

«Мен қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл жекпе-жек маған өте жақсы болады, сенімдімін. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді», – деді Эсквива Фалькао Lance.com.br сайтына берген сұхбатында.

Фалькао 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс алды.

Бұған дейін Геннадий Головкин 31 желтоқсанға жоспарланған жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деп хабарланған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир