Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турнирінде жұдырықтасты. «Жауынгерлер аралында» қазақстандық спортшы швед Аимр Альбазиге қарсы шықты (13-1). Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды және төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Альбазидң жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Аимар Альбази өз карьерсындағы 14-ші, UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Жалғас Жұмағұлов болса, 5-ші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, 32 жастағы жекпе-жек шебері UFC-ге алғаш рет өткен жылдың маусым айында шықты. Ол төрешілердің шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвеге (20-3) жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырды.