Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмат Кебіспаев – Құрамаға медаль қажет болды

prosports.kz
prosports.kz
Қола үшін таласта ол түркиялық Мурат Фыратпен кездесіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандық балуан Алмат Кебіспаев Осло өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қола үшін таласта ол түркиялық Мурат Фыратпен кездесіп, 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Almaty.tv тілшісіне берген сұхбатында ол психологиялық тұрғыда ауыртпашылықты сезінгенін айтты, себебі құрамаға медаль қажет болған.

«Ауыр болды. 10 салмақ бойынша балуандарымыз бақ сынады... Соңғы күні еді, жауапкершілікті сезіндім. Бұрын өзім үшін ғана күрессем, қазір құрама командаға медаль керек болғаннан кейін психологиялық тұрғыда ауыртпашылықты сезіндім. Жанкүйерлер де медаль күтті. Үміт артты. Әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылды. Қазір бапкерлерден бастап бәрі қуанып жатыр», – деді А. Кебіспав.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен бұл әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған соңғы балуан болды. Әлем біріншілігінде бақ сынаған басқа балуанымыздың бәрі де жүлдеге іліге алмады.

Новости партнеров