|
20.06.2021 | 11:21
6192

Евро-2020: Венгрия мен Франция құрамасы тең түсті, Германия Португалияны ойсырата ұтты

Келесi ойынды Германия Ганаға қарсы өткiзедi

Евро-2020: Венгрия мен Франция құрамасы тең түсті, Германия Португалияны ойсырата ұтты  rg.ru

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Венгрия мен Франция кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске салсақ, аталған екі құрама F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Португалия мен Германия. Алғашқы турда Франция Германиядан 1:0 есебімен басым түссе, Венгрия Португалияға 0:1 есебімен жол берді. Екі құрама бұған дейін 25 мәрте кездесті. Оның 14-де венгрлер жеңіске жетіп, 8-де француздар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Кешегі кездесуде ойын басынан француздар алға қарай ұмтылды. Гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен оны пайдалана алған жоқ. Есесіне бірінші кезеңнің соңына таман Венгрия сапынан Аттила Фиола өз құрамасын алға шығарды. Екінші кезеңде француздар таразы басын теңестіру жолын іздеді. Нәтижесінде 66-минутта Антуан Гризманн мергендік танытты.

Кездесуде қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Айта кетейік, екі құрама 1988 жылдың 27 сәуірінде өткен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде 2:2 есебімен тең түскен еді. Содан бергі екі кездесуде де Франция жеңіске жеткен болатын.

Еске салсақ, аталған топтағы тағы бір кездесуде елорда уақытымен 00.50-де Португалия мен Германия шеберлік байқасады.

Бұл топтағы үшінші турда 23 маусымда Германия мен Венгрия, Португалия мен Франция жасыл алаңға шығады.


Сонымен қатар, кеше Германия құрамасы Португалияны ойсырата жеңді. Бiрiншi таймның 12-минутында Португалия ойыншысы Перейра Гетценi шалып жыққан. Айып добын соққан Томас Мюллер есеп ашты. Жиырма минуттан кейн Хуммелс есептi еселесе, 46-минутта Мюллер есептi 3:0-ге жеткiздi. Екiншi таймда да португалдар немiстердің қарқынына төтеп бере алмай сан соқты. 78-минутта Томас Мюллер тағы бiр голын соқты. Осыдан соң Криштиано Роналду бастаған команданың немiс машинасына қарсы ешқандай қауқар көрсете алмайтыны белгілі болған еді. Есеп 4:0. Келесi ойынды Германия Ганаға қарсы өткiзедi. Германия канцлерi Ангела Меркель құраманы жеңiсiмен құттықтады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир