«Астана» 2019 жылғы Суперкубокты жеңіп алды
Vesti.kz
Елорда футболшылары алматылықтардың қақпасына жауапсыз екі гол салды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Астана» футбол клубы 2019 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елордалық команда алматылық «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да Жуниор Кабананга салды.
Ойын алдында «Астана» ФК бапкері Роман Григорчук Кабананга жайлы: «Ол ең жақсы ойын көрсеткен кезеңге қайта оралып жатыр» деп, осы ойыншыға үміт артатынын атап өткен болатын.
Суперкубок – өткен жылғы ел Кубогының иегері мен футболдан Қазақстан чемпионаты жеңімпазының арасындағы матч.
2015 жылдан бері Суперкубок үшін талас «Астана» мен «Қайрат» клубтары арасында өтіп келеді. Елордалық футболшылар қазіргі уақытта Қазақстан чемпионы саналады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13