Канвон-2024: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

Almaty.tv
Almaty.tv
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз арасынан Полина Омельчук мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Аталған сында бірінші және екінші орындарды қытайлық спортшылар Цзинцзы Ли мен Цзиньчжу Ян жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік кеше Олимпиаданың алғашқы күні шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных чемпион атанып, тұңғыш алтынды жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстан тарихындағы тұңғыш жасөспірімдер олимпиадасының чемпионын құттықтады


Новости партнеров