Алтыншы «Алтын добын» алған Месси Роналдудан озды

Sport24.ru
Sport24.ru
Ол бұл жүлдеге 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары лайық деп танылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2 желтоқсанда Парижде 2019 жыл қорытындысы бойынша "Алтын доп" табыстау рәсімі өтті.

Жүлдені «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алды. Ол «Ливерпульдің»" голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк, сенегалдық шабуылшы Садио Мане және «Ювентуста» ойнайтын Криштиану Роналдудан озып шықты.

Топ-10 ойыншылар тізіміне сондай-ақ Мохамед Салах, Килиан Мбаппе, Алиссон, Роберт Левандовски, Бернарду Силва және Рияд Марез енді.

21 жасқа дейінгі футболшыларға берілетін Копа жүлдесі «Аякс»/ «Ювентус» қорғаушысы Маттиас де Лигтке бұйырды.

2019 жыл қорытындысы бойынша Лев Яшин сыйлығына «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккер лайық деп танылды.

Әйелдердің «Алтын добы» америкалық Меган Рапиноға бұйырды.

Лионель Месси осымен өзінің алтыншы «Алтын добын» алды.

Ол бұл жүлдеге 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары лайық деп танылған.


Дереккөз: eurosport.ru


Новости партнеров