Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkistan.kz-ке сілтеме жасап.
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.
Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңғыстаулық 7 спортшы бақ сынады.
62 келі салмақта Әбу Бәкір Жәнібек алтын жүлде алса, күміс жүлдені колумбиялық спортшы, қола жүлдені швеяциялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек иеленді.
Осыған дейін Әбу Бәкір ересектер арасында әлем чемпионатының 5 дүркін қола жүлдегері болып, 2023 жылы әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, спортшы ақпан айында Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын.
Жарыс 15 шілдеде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!