|
08.10.2023 | 11:23
2050

Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды

Үш қарсыласынан басым түсті

Мөлдір Жаңбырбай финалға жолдама алды telegram.org

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы күнінде қазақстандық каратэшісі Мөлдір Жаңбырбай қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кратэден 50 келі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай 3 қарсыласынан басым түсіп финалға шықты.

1/8 финал. Азия чемпионы Йе Тинг Цанг 3:2

1/4 финал. 2 дүркін әлем чемпионы Михо Миахара 6:5

1/2 финал. әлем чемпионатының қола жүлдегері Сара Бахманиар 5:4

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 80 медаль бар – оның 10-ы алтын, 22-сі күміс және 48-і қола. Жалпы есепте біздің құрама 11-орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып келеді.

Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтті.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Софья Берульцева Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир