Қазақстанда алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді
alau.kz
Сайысқа 20 команда қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді, деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook парақшасында.
Байрақты бәсеке наурыздың 5-і мен 14-і аралығында Астанада өтеді. Жарысқа Қазақстан, Қытай, Ресей, Грузия, Венгрия, Иран, АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Армения, Әзербайжан, Египет, Украина және Швециядан келген 20 команда қатысады. Олардың 10-ы ерлер, 10-ы қыздар командасы.
«Шахмат ойындарын сүйіп тамашалайтын қазақстандықтардың барлығын әлем чемпионатына келіп, Қазақстан командаларына жанкүйер болуға шақырамын! Кіру тегін», - делінген Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook парақшасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33