Атыраулық жасөспірім джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке дара көш бастап келе жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан әлем чемпионатында атыраулық спортшы Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Атырау облысы ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында 65 мемлекеттен 1500 спортшы бақ сынаса, өңірімізден 28 спортшы қатысып отыр. Оның ішінде 15 жасар Болашақ Сүйекенов 38 кг салмақта сынға түсті.

"Біз шәкірттерімізді көп уақыт бойы дайындадық. Әлем чемпионытына қатысу үшін үлкен күш-жігер, үздіксіз жаттығу, қажырлы еңбек қажет. Әлі де спортшылармыз қатысып, өнерлерін көрсетуде. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр", - деді бас жаттықтырушы Айбар Есенғалиев.

Айта кетейік, бұл додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке дара көш бастап келе жатыр. Қазан айының 29 күні басталған жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады.

Новости партнеров