Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әбу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде жеңіске жетіп, Қазақстанның шахматшылар рейтингінде үздік атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әбу-Даби фестивалінде әйелдер арасында бірінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (мүмкін болған 9 ұпайдан 5,5 ұпай, жалпы рейтингте 22 орын). Бұл нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшылар рейтингінде бірінші орынға шығарды.
Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі
Қазақстандық қатысушылардан құралған «Masters» тобында ерлер арасындағы үздік нәтижені Арыстанбек Оразаев көрсетті. Ол 9 ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластармен өткен екі соңғы жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстер балл нормасын орындауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ әйелдер турнирі («Ladies») мықты құрамды жинады. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынды иеленді. Анель Мұратованың (Алматы) еншісінде 5,0 ұпай бар, ол жалпы есепте 10-орында.
Еске сала кетсек, Бибісара Асаубаева шахматтан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!