Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша отандасымыз 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестікке көтерілді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 балл.
- Осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудағы мақсаттың бірі - Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық делегация XIX Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты