Самбодан ӘЧ-2021: қазақстандық балуандар бес медаль жеңіп алды
instagram/nurken_adai
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Самбодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандар ұлттық құрама қоржынына тағы екі күміс пен үш қола медаль салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ажар Салықова (65 келі) мен Ділдәш Құрышбаева (72 келі) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үш жігіт қола жүлдені иеленді: Айдын Дартаев (79 келі), Нұркен Домбаев (58 келі) және Әділбек Сейісов (64 келі).
Ташкенттегі екі күнге созылған жарыстан кейін қазақстандық самбисттердің қоржынында 9 медаль бар – екі алтын, үш күміс және төрт қола. Әлем чемпионаты 14 қарашада аяқталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33