|
21.09.2020 | 13:38
6122

Қазақстандағы ең қымбат футболшы кім

Қазақстанда ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңартылды

Қазақстандағы ең қымбат футболшы кім Фото: ФК "Кайрат"

Қазақстанда ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, "Қайрат" командасы сапында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски қымбат футболшы атанды. Оның трансфер бағасы - қазір 2,5 миллион еуро.

Екінші орында "Қайраттың" тағы бір футболшысы украиналық Адеринсола Эсеола тұр - 2,2 миллион еуро.  Үшінші орынға бұрын көш бастап тұрған "Астана" ойыншысы хорватиялық Марин Томасов жайғасты. Оның трансфер бағасы 2 миллион еуроға дейін түсіп қалды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасындағы топ-10 қымбат футболшылар:

1. Яцек Гуральски ("Қайрат", Польша) - 2,5 миллион еуро;

2. Адеринсола Эсеола ("Қайрат", Украина) - 2,2 миллион  еуро;

3. Марин Томасов ("Астана", Хорватия) - 2 миллион  еуро;

4-5. Раде Дугалич ("Қайрат", Сербия) - 1,8 миллион еуро;

4-5. Дмитрий Шомко ("Астана", Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;

6-8. Дорин Ротариу ("Астана", Румыния) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Пиерос Сотириу ("Астана", Кипр) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Дино Миканович ("Қайрат", Хорватия) - 1,7 миллион еуро;

9-12. Стас Покатилов ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Роман Муртазаев ("Тобыл", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Нұралы Алип ("Қайрат", Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Тигран Барсегян ("Астана", Армения) - 1,5 миллион еуро.

Айта кетейік, Томасов бірнеше маусымнан бері рейтинг басында тұрған. Оның трансфер құны 3,8 миллионнан екі миллионға дейін түсіп қалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир