|
09.12.2022 | 12:21
647

Алматыда 70 мың бала тегін үйірмеге бара алады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

Алматыда 70 мың бала тегін үйірмеге бара алады vsharm.myinsales.kz

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру мәселесі қала тұрғындарын қатты толғандырады. 2022 жыл басынан бері 19 млрд теңге бөлініп, 70 мың баланы қамтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алайда, өздеріңіз білетіндей, бағдарламаны іске асыру процесінде Әкімдік artsport.edu.kz платформасындағы жан басына шаққандағы қаржыландырудың жете пысықталмауынан туындаған күрделі проблемаларға тап болды. Мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланбаған, балалар мен жеткізушілердің жеке басын дұрыс сәйкестендіру мүмкін емес, баланың заңды өкілі табельді толтыруда электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланбаған және тағы басқа мәселелер", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әкімдіктерге бағдарламаны іске асыру үшін платформаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін өзгерістер күшіне енеді. Осыған байланысты, қолданыстағы проблемаларды ескере отырып,  нормативтік құжаттарға сәйкес келесі жылға арналған платформаны іріктеу талаптарын дайындалды.

Жалпы, 2023 жылғы бюджетте шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге көзделген. Бұл шамамен 70 мың баланы қамтуға мүмкіндік береді.

2023 жылы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданында және  Алатау ауданының Нұркент шағынауданында әрқайсысы 675 орындық инновациялық шығармашылық орталықтардың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр (2023 ж. ақпанда пайдалануға беру).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир