|
25.06.2019 | 12:33
2985

2026 жылы қысқы Олимпиада қай қалада өтетіні белгілі болды

ХХІV қысқы Олимпиада ойындарын Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалалары өткізетін болып шешілді

2026 жылы қысқы Олимпиада қай қалада өтетіні белгілі болды

2026 жылы өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 24 маусым күні Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-сессиясы өтті. 26 маусымға дейін жалғасатын әлемдік жиында 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталды.

ХХІV қысқы Олимпиада ойындарын Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалалары өткізетін болып шешілді.  Қалаларды таңдау дауыс беру нәтижелері арқылы анықталды. Сондай-ақ, аталған сессияда ХОК-тің қазіргі және келешектегі саясатына қатысты бірқатар мәселелер талқыланады.

Сессия жұмысына Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев та қатысуда.  Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы өтетін ХХІV қысқы олимпиада ойындарын Қазақстанның Алматы қаласымен таласқа түскен Қытай астанасы Бейжің қаласы жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде ең алғаш Қысқы олимпиада ойындарына 1994 жылы  Норвегияның Лиллехамер қаласында өткен XVІІ ойындардан бастады.

Алғашқы ойында атақты шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Содан бері Қазақстан құрамасы қысқы ойындарға үзбей қатысып келеді. 1998 XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы Жапонияның Нагано қаласында тұтанды. Онда Қазақстан құрамасынан шаңғышы Владимир Смирнов пен конькимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан спортшылары 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен XІХ қысқы Олимпиада ойындары мен  2006 жылғы Италияның Турин қаласында алауы тұтанған  XХ қысқы Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды. Ал 2010 ХХІ қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Ванкувер қаласы қабылдады.

Онда қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальді жеңіп алса, 2014 жылы Сочиде өткен  ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында  мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей бәсекеде Денис Тен қос бағдарламада 255,1 ұпай жинап, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды. Сонғы Пхенчхан қаласында өткен Қысқы ойындарда Фристайл-могулдан Юлия Галышева қола медаль жеңіп алған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир