Алматыда өткен аралас жекпе-жек турнирінде қазақ жігіттері жеңіске жетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
ТМД елдері мен Бразилиядан барлығы 26 спортшы қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Алматы Арена» спорт сарайында аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирі өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік боксшы Серік Разгалиев (Астрахан қазағы) қырғызстандық Бекзат Исаковты бірінші раундта нокаутпен жеңді. 

Дәл солай негізгі жекпе-жекте қазақстандық Арман Әшімов әзірбайжандық Серхан Валилиды бірінші раунда нокаутпен ұтты. 

ТМД елдері мен Бразилиядан барлығы 26 спортшы қатысқан 13 кездесуде жекпе-жек нәтижесі мынадай болды: 

Роман Жомарт бірінші раундта Мәулен Әшімханды жеңді. 

Таскет бірінші раундта Хадис Рашидхановты қылқындырып, жеңіске жетті. 

Архат Мынбаев екінші раундта Мелісбек Абдрахмановты нокаутқа жіберді. 

Абдулла Исаев бірінші раундта Константин Линникты нокаутқа жіберді. 

Фахроджон Машрапов техникалық нокаутпен Арсена Бальянцты жеңді. 

Айбек Нұрсеит Степан Литвиненконы нокаутпен жеңді. 

Ержан Естанов бірінші раундта Руслан Маммадовты жеңді. 

Абу Нурболат бірінші раундта Варшам Геворгянды тұншықтырып, жеңіске жетті. 

Шыңғыс Қайранов төрешілер шешімімен Асадуллы Рустамовты жеңді. 

Қанатбек Кельдибеков техникалық нокаутпен Сырым Бектұрсынды жеңді. 

Мурад Абдурахманов бірінші раундта техникалық нокаутпен Станислав Шаболтасты жеңді. 

Арман Әшімов бірінші раундта Серханом Валилиды жеңді. 

Серік Разгалиев бірінші раундта Бекзат Исаковты жеңді. 

Айта кетейік, «Баспана құрылыс инвест» компаниясы турнирде жеңіске жеткен Шыңғыс Қайрановқа (Шах Қазақ) 1 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Новости партнеров