|
24.01.2022 | 12:48
5132

Ақтаулық азамат белтемірге тартылудан әлем чемпионы атанды

Ильдар 70 килограмм салмата өнер көрсетті

Ақтаулық азамат белтемірге тартылудан әлем чемпионы атанды newtimes.kz

Ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев белтемірге тартылудан әлемдік рекордты жаңартып, чемпион атанды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қаңтарда Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында белтемірге тартылудан әлем чемпионаты өтті. Оған 20 елдің 200-ден астам спортшысы қатысты. Жарыстар алты салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды. Чемпионаттың сыйақы қоры – 10 мың еуро.

Ильдар 70 килограмм салмата өнер көрсетті. Ол дайындық кезінде 90 килограмды көтерді. Одан кейін 96,5 килограммен бірге тартылып, әлемнің жаңа рекордын орнатты. Осылайша ақтаулық стритлифтер чемпиондық титулын алтыншы рет қорғап отыр.

"Ең ауыр кезең – ол салмақ қуу. Бір ай бойы демалыс жоқ, талмай жаттығу жасауға тура келеді", – дейді Ягьяев.

Спортшы стрит воркаут пен стритлифтингті кеңінен насихаттауды көздейді. Сол үшін өз командасымен тегін жаттығулар өткізеді. Спорт жиындарына да жиі шығып тұрады.

"Алдағы уақытта демеуші тауып, Лос-Анжелестегі Muscle Beach-ке ұқсас тренажер алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Біз серіктестік байланыс орнатуға дайынбыз", – деп атап өтті Ильдар.

Спортшы Ақтауда жылдам тамақтану желісіне де жетекшілік етеді. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық стритлифтиг және воркаут федерациясын басқарады.

Айта кетері, өткен жылдың соңында Ильдар Ягьяев Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир