Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің ТОП-10-дығына енді

© twitter.com/Main_Events
© twitter.com/Main_Events
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір қатар төмендеп, 36-шы болды. Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19-шы және 20-орындарды сақтап қалды. Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. 

Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов бір қатар шегініп, 21-орынға тұрақтады. WBC Youth тұжырымы бойынша чемпион Талғат Шайкен екі саты жоғарылап, 32-орынға көтерілді. Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингтер кестесінде 25-орында қалды.


Новости партнеров