Жанбота Алдабергенова шаңғы спортынан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Тengrinews.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 170.08 ұпай жинады. Бірінші орынды аустралиялық Лаура Пил иеленген. Қола жүлдені украиналық Анастасия Новосад еншіледі. Ол 153.92 ұпай жинаған.
Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева мен Аяна Жолдас 13-ші және 17-ші орындарды қанағат тұтты.
Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52