«Қайрат» футбол құрамасы өз алаңында жеңіске жетті

ФК "Кайрат"
ФК "Кайрат"
Тартысты өткен ойында жанкүйерлер де соңына дейін қолдау білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайрат өз алаңында қарсыластан басым түсіп, келесі кезеңге өтуге бір табан жақындады. Алматылық клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу матчында Црвена звездамен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен ойында жанкүйерлер де соңына дейін қолдау білдірді. Ендеше Орталық стадиондағы футболды бақылап қайтқан Almaty.tv тілшісі Мерей Қанапиянов жалғастырсын. 

Алаң иелері ойын басталған бойда ашық шабуылға көшіп, қарсылас қақпасына қауіпті соққылар жасады. Көп ұзамай матчтың 24 минутында бұрыштамадан көтерілген допқа Хосе Канте ұмтылып, баспен гол соқты.

Алайда 2-ші таймның ортасында Црвена Звезда қарымта шабуылды күшейтіп, есепті теңестірді. Бұл жолы Қайраттың қорғаушысы Дино Миканович өз қақпасына күтпеген жерден гол соғып алды. Кейін, ойынның 79-ыншы минутында Маки Баньяк қарсыластардың қателігін сәтті пайдаланып, есепті 2:1-ге жеткізді. Айта кетейік, матчты тамашалау үшін карантиндік шектеулерге байланысты көрермендердің 20 пайызы ғана қатысты.

БЛИЦ:

1. Маған «Қайрат» командасы ұнайды. Алға, биіктерге самға!

2. Футболға қызыққаныма 2 жылдай ғана уақыт болды. Қайраттың барлық ойындарына келуге тырысамын.

Мына жерде 14, 15, 16 сектор 55 жыл болды бәріміз көтеріп, Қайратқа жанкүйер болып отырмыз. Қайрат құдай бұйырса биыл чемпион болады. Еуропа чемпионы болмаса да финалда Барселонамен бірге шығады.

Осылайша тартысты өткен матч Қайраттың пайдасына аяқталып, 3-ші кезеңге шығуға бір қадам жақындады. Еске салайық, қос клуб арасындағы шешуші ойын 29 шілдеде Сербияда өтеді.


Мерей Қанапиянов, Сағынғали Мұңайтбасов «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров