Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты
Кадр видеодан алынды
Италиядағы бокс бәсекесінде Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
80 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз алғашқы раунда белорустық қарсыласы Алексей Алферовке есе жібергенімен, кейінгі екі раундта мерейі үстем болды. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері нейтрал атлетті 3:2 есебімен жеңіп, Олимпиада жолдамасын алуына мүмкіндігі артты.
Айта кетейік, Италиядағы бокс бәсекесінде еліміздің атынан шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өтті. Ал Сәкен Бибосынов бахрейндік спортшыдан басым түсті.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді
07.10.2026 12:52
Қазақстанда балаға берілетін әлеуметтік төлемдер өзгеруі мүмкін бе
07.10.2026 09:54