Кеше Алматыда шахматтан балалар мен жасөспірімдер чемпионаты аяқталып, жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жолғы дода бұрынғыдан өзгерек. Себебі биыл екі рекорд жаңарды. Алдымен қатысушылар саны таңқалдырса, екіншіден, жүлде қоры әдеттегіден көп.
«Бұл тарихта болмаған ауқымды жарыс болды. Себебі бұрын 600-700 адам қатысса, биыл 1150 адам қатысып жатыр. Еліміздің барлық қаласынан, облыстарынан келді. Жарыстың жүлде қоры – 13 млн 500 мың теңге», – деді ҚР Шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
«Классикалық шахматтан екінші орын алдым, Рапид пен блицтен бірінші орын алдым. Биыл маған қиын болды. Өйткені мен өз жасымдағыларымен ойнамадым. Қарсыластарым да мықты болды», – деді чемпионаттың күміс жүлдегері Елназ Қалиахмет.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!