Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спортшыларымыз отырған ұшақ сағат 14:00-де Астана әуежайына қонды. Қарсылас шақ келтірмеген қазақтарды қарсы алу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Әлем чемпиондарын Мәдениет және спорт министрі, журналистер мен 50-ге жуық адам күтіп алды. VIP-терминалдан шыға бергенде қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылды, "МузАарт" тобының "Өз елім" әні орындалды.
Қазір шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған Асланбек Шымбергенов пен Сабырхан Махмуд және күміс жүлдегер Дулат Бекбауов келді. Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов осы әлем бірінішілігіне кімнің баратынын таңдау қиын болғанын айтады. Дегенмен жігіттер үмітті ақтады деп отыр.
– Әлем чемпионатына ілігудің өзі қиын болды. Бір салмақта бірнеше кандидат болған еді. Оқу жаттығуға, түрлі жарысқа жиі жібердік. Барлық жерде біздің жігіттер ұтып келіп отырған соң, таңдау қиын болды, – деді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль алды. Cағат 16:00-де Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай келеді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!