Әлімханұлы жеңілмеген әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

27.08.2022 в 19:58

Боксшы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанғысы келетінін айтты

paryz.kz

Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) толыққанды әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО)  Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) белдігінің иегері Джермаллу Чарломен (32-0, 22 КО) жұдырықтасқысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартқаннан кейін, Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақта толыққанды әлем чемпионы атанды.

Ол енді АҚШ боксшысы Джермаллу Чарломен шаршы алаңда шеберлік байқасып көруге ниет танытып отыр.

«Мен WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын алу үшін Чарломен жекпе-жекке шығуды қалаймын. Бұл өте жеңіл жұмыс болады. Мен «Жеңіл жұмыс болады» деп айтсам, солай болатынын бәрі жақсы біледі», - деп жазды боксшы твиттерде.