|
07.02.2021 | 15:02
969

«Барыс» хоккей командасы «Металлургпен» ойнайды

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті

«Барыс» хоккей командасы «Металлургпен» ойнайды Фото: inform.kz

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 7 ақпанда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ойын астана уақытымен сағат 18.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. Оның екеуінде «Металлург» елордада буллиттен 2:1, өз айдынында негізгі кезеңде 3:1 есебімен басым түсті. Ал «Барыс» аталған қарсыласын елордада 3:2 есебімен тізе бүктірді. Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойынында олар екі-екіден жеңіске жетті. Екі команда бұған дейін 46 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Металлургтің» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 129 шайба соқса, өз қақпасына 114 гол жіберіп алды. «Барыс» соңғы 10 кездесудің 6-уында басымдық танытты. 

Турнир кестесінде 53 ойыннан кейін 62 ұпаймен 12-орында келеді. Ал «Металлург» соңғы 10 ойында 1 рет жеңілді. Турнир кестесінде 53 ойыннан кейін 70 ұпай жинап, 3-орында тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Сибирь» командасынан басым түсті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жеңімпаз
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир