|
07.02.2021 | 15:12
5761

Атақты Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы Леон Спинкс қайтыс болды

Спинкс 1976 жылғы Олимпиада чемпионы

Атақты Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы Леон Спинкс қайтыс болды ringtv.com

WBC және WBA нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, американдық боксшы Леон Спинкс 67 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Соңғы бес жылда Спинкс қатерлік ісікпен күрескен. Өмірінің соңғы минуттарында  әйелі қасынан табылған.

Спинкс 1976 жылғы Олимпиада чемпионы. Ол 1978 жылы ақпанда Мұхаммед Әлиді жеңгеннен кейін бүкіл әлемге танымал болды. Әли ол уақытта спорттағы мансабын аяқтауды жоспарлап жүрген болатын, сондықтан жекпе-жекке аса қатты дайындалмады. Нәтижесінде Спинкс төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

Реванш үшін Әли мансабын аяқтау туралы шешімін өзгертіп, 1978 жылы екеуі қайта жұдырықтасады. Сол жылы қыркүйекте Спинкс екеуі рингке шығады, нәтижесінде М. Әли төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Спинкс барлығы 46 жекпе-жек өткізді: оның 26-ы жеңіспен аяқтады, 17-сінде жеңілді, 3-і тең ойын болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир