Қазақстан Азия пара ойындарын 8 алтын, 12 күміс, сондай-ақ 21 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте 11-орынға табан тіреді. Байрақты бәсекеге 14 спорттың түрінен 131 атлет қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биылғы Азия пара ойындары отандастарымыз үшін табысты болды. 4 спорт түрінен рекорд орнаттық. Қоржындағы жүлде саны да бұрынғыға қарағанда арта түскен. Бұған дейінгі жетістікті жаңартып, құрамаға қос алтынды қатар сыйлаған Нұрдәулет Жұмағали да бұл ойында басты назарда болған еді.
– Әр спортшының мақсаты – олимпиада шыңын бағындыру деп ойлаймын. Сол мақсатқа күн сайын тер төгіп, жұмыс істеп жатырмыз. Азия ойындарындағы екі жеңісіме олимпиадада қол жеткізсем деген үміттемін, – деді жүзуден алтын медаль иегері Нұрдәулет Жұмағали.
Тартысты бәсекені сәтті аяқтап, елге оралған атлеттердің қатарында 119 келі зілтемірді көтеріп, күміс медаль алған Раушан Қойшыбаева да бар. Ол 73 келі салмақта қытайлық және ирандық спортшылармен күш сынасқан.
– Ойын тартысты өтті. Үйден дайындап барған жұмысымды көрсеткенде, бапкерім де риза болды. Әлі де дайындық керек, – деді пара пауэрлифтингтен күміс жүлде иегері Раушан Қойшыбаева.
Дайындығын арттырып, келесі жарысқа бел шеше кірісетіндердің қатарында волейболшылар да бар.
– Команданың көңіл күйі өте жақсы. Биылға қойылған тапсырманың бәрі орындалды деп ойлаймын. Азия ойындарына жолдама алдық. Жиырма бір жылдан кейін тарихи жеңісті қайталап отырмыз, – деді отырып ойнау волейболынан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов
Алматы әуежайында көпшілік чемпиондарды күтіп алды. Биыл пара ойындарға 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық атлет қатысқан.
Мадина Оқас, Хангелді Ахметхан, «Алматы» теларнасы
Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі ат спорты мектебінде неге шу шықты
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!