Жанбота Алдабергенова фристайлдан әлем кубогында жүлде алды
Аlmaty.tv
Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды. Әйелдер арасынан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда ол 80,04 ұпайымен жарысты екінші орынмен аяқтады.
Жарыс нәтижесі бойынша қытайлық Кун Фаньюй топ жарса, оның командаласы Шао Кью үздік үштікті қорытындылады.
Айта кетерлігі, бұл фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
09.10.2026 09:15
Қазақстанда жәрдемақы төлеу шарттары бекітілді
08.10.2026 12:37