Азия чемпионаты – 2023: Қазақстандық 2 боксшы алтын медаль жеңіп алды

newshub
newshub
Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада 57 келіде сынға түсіп жатқан Махмуд Сабырхан таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілер шешімі екіге бөлінді. Нәтижесінде басым дауыспен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Махмуд ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алған еді. Оның шеберлігіне тәнті болған шетелдік басылымдар оған «Казақ Ломаченкосы» деген баға берген болатын.

Сондай-ақ, бүгін құрлықтық додада Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Бұдан бұрын бокстан жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеген.

Новости партнеров