ІV жазғы Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстандық пара спортшылар спорттың 14 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Еліміздің ұлттық құрамасы 2010 жылдан бері, осы күнге дейін үш рет Азияның пара ойындарына қатысып, 64 медальге қол жеткізді. Оның ішінде 12 алтын, 23 күміс, 29 қола медаль. Мемлекеттер арасындағы медальдық есеп бойынша паралимпиадалық жарыстарда 2010 жылы 23-орын, 2014 жылы 11-орын, 2018 жылы 13-орын алды, - деді Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Аталған бәсекеде Париж паралимпиадасына жолдама сарапқа салынады.
- Ұлттық құрама Ханчжоудағы Азия пара ойындарына қатысатын барлық спорт түрінен медаль алуға үмітті. Бұл қатарда жоғары нәтиже көрсетеді деген пара дзюдо, пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара жүзу сияқты спорт түрлерін ерекше атап өтуге болады, - дейді Сәрсен Құранбек.
Оқи отырыңыз: Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!