|
12.02.2023 | 15:25
3276

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы үш медаль

Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы үш медаль Instagram/qazathletics

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында биіктікке секіру дисциплинасында барлық жүлдені қазақстандық спортшылар иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.

Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші - 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.

Бұған дейін ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, Элина Михина әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде топ жарды.

Ал ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин, 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды.

Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлдегер атанды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир