Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ол күні кеше Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
-Өзіңдей жастар - ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай, қазақ елін әлемге танытасың. Біз сені мақтан етеміз, – деді сөзін сабақтаған облыс әкімі жас чемпионға пәтер кілтін табыс етті.
Әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаев Қазақстан құрамасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 23-27 тамыз аралығында өткен бұл біріншілікке әлемнің 64 елінен 570-тен астам спортшы қатысты. Іріктеу кезеңінде ол, Түрікменстан, Армения және АҚШ-тың қарсыластарын жеңді. Өз тобында бірінші орын алған Нұрлан жартылай финалда отандасы Оралбек Байзақпен кездессе, финалда грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, белдесу қосымша уақытқа өтіп, жерлесіміз мықтырақ болып шықты.
Жас чемпионның отбасы Ресейден көшіп келген. Ол Қазақстанның азаматтығын наурызда алыпты. Ол биылдан бастап олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің 10-сыныбына қабылданған.
Нұрлан Исатаев – Батыс Қазақстан облысынан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы.
- Өте қуаныштымын. Облыс әкімдігі тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Мен ел үмітін ақтап, әлемге танымал болғым келеді, - дейді жас чемпион.
Салтанатты кездесуде Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.
Оқи отырыңыз:Kitap Fest Almaty – 2023: кітап фестивалінің ерекшелігі неде
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!