|
20.08.2024 | 15:29
1371

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты

Халықаралық дода 8-13 қыркүйек аралығында өтеді

 Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты Almaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындықтың қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел Президенті алдымен халықаралық спорттық-мәдени іс-шараның ашылу салтанаты өтетін «Астана арена» стадионын аралап шықты. Отыз мың көрерменге шақталған нысан жыл бойы күрделі жөндеуден өткен. Абаттандыру жұмысы да аяқталып қалды. Ал жабдықтары толықтай жаңартылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде орналасқан аккредиттеу орталығының жұмысы мен ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды.  

– Жарысқа қатысушыларға спорттық нысандарға жақын орналасқан 20 қонақүй қызмет көрсетеді. 7 ойынды өткізу мақсатында 7 қалалық нысан бекітілген. Спорттық жарыстар бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 100 мыңға жуық турист келуі мүмкін. V Дүниежүзілік ойындардың бағдарламасы спорт, мәдениет және ғылым сынды 3 бағытты қамтиды, – деді  ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Мемлекет басшысы ат спорты жарысы өткізілетін «Қазанат» ипподромын, жамбы ату және теңге ілу сайысы үшін жасақталған алаңды да көріп шықты. Еске салайық, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің 89 елінен 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Негізгі жарыстар «Астана-арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы мен «Алау» мұз сарайы және  Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үй-спорт кешенінде өтеді. Дүбірлі дода аясында 150-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 1500 ерікті тарту да көзделген.

Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ұлттық құраманың мүшелері таныстырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир